"100 кітап жобасы"

02.05.2017 жылы сағат 17.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында  философия және саясаттану факультеті, психология бөлімінің 1  курс студенттерімен «Выиграть может каждый: как разрешить конфликт» тақырыбында  тәрбиелік іс-шара семинар  өткізілді. 

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Семинар «100  кітап » жобасы аясында өткізілді.   Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге  Х. Корнелиус,  Ш. Фэйрдің «Выиграть может каждый: как разрешить конфликт» атты кітабымен таныстырды.  

Авторлар туралы мәліметтерді бере отырып бұл кітаптың  конфликт психологиясының негізгі мәселелерінің бірі конфликтіні әрбір адамның сәтті жеңу жолдарын көрсететін еңбектің практикалық құндылығын баяндады.      Әрбір адамның өзіндегі конфликтіні жеңудің технологияларын көрсеткен бұл еңбек студенттерде өздерінің конфликтілерімен күресі  оның психологиялық анализін жасау сияқты    практикалық психологиялық кеңестер студенттерге нақты бағыттар берді.

Семинар барысында  студенттер таныстырылған кітап жайлы және   өздерін қызықтыратын сұрақтарды сұрап, интеллектуалды диалог өтті. Психологиялық тәрбиелік іс-шара семинар өте қызықты және жоғарғы деңгейде    өтті.

Басылым күні :  07.05.2017