«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

18.04.2017 жылы сағат 17.30-де халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында  философия және саясаттану факультеті, психология бөлімінің 1  курс студенттерімен «Психологические аспекты формирования имиджа практического психолога» тақырыбында  тәрбиелік іс-шара семинар  өткізілді.  

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Семинар «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді.   Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге  праткикалық психологияның негізгі мәселелері мен даму бағыты жайлы көптеген қызықты психологиялық мәліметтерді баяндады. Практик психологтың имиджін қалыптастыру жолдарын психологиялық талдай отырып, болашақ өмірде студенттердің практикалық психологиямен айналысуына нақты бағыттар берді.

Семинар барысында  студенттер практикалық психология жайлы өздерін қызықтыратын сұрақтарды сұрап, интеллектуалды диалог өтті. Семинар барысында практикалық психология жайлы слайдтар мен фильмдер көрсетілді. Психологиялық тәрбиелік іс-шара семина өте қызықты және жоғарғы деңгейде    өтті.

Басылым күні :  07.05.2017