«Студенттерді болашақ отбасына психологиялық дайындау әлемдік тәжірибедегі бақытты ерлі-зайыптылар жұптарының мысалында»
Тәрбиелік сағаттың мақсаты: Студенттерді бақытты отбасылық жұптардың негізгі стратегияларымен таныстыру. Әлемдік тәжірибедегі қалыптасқан бақытты отбасылы ерлі-зайыпты жұптардың мысалын көрсету. Тәрбиелік іс-шараның өзектілігі ешқандай күдік тудырмайды. Шындығында біздің қоғамымыздың болашағы тұлға әлеуметтенуінің басты қайнар көзі ретінде отбасының жемісті дамуына байлынысты, соның ішінде ерлі-зайыптылар жұбының өзарақатынасы, олардың бірін-бірі түсінуі мен рухани бірлігі. Бақытты некедегі өмір - ұзақ жылдар бойы өз өміріңді қанағаттандырудың қамтамасыз етудің бір тәсілі ретінде. Біз бақытты отбасылы ерлі-зайыпты жұптардың тәжірибесіне сүйене отырып ұсынылған тақырыптарды аштық, олардың ішінде мынандай жұптар енгізілді: Альберт Швейцар және Елена Бреслау (Шалбаева Аружан), Марк және Белла Шагал (Бабаджанова Гули), Сенека младший және Паулина Помпея (Иманкулова Инель), Ярослав Мудрый және Ирина (Абиева Жамиля), Дмитрий Мережковский және Зинаида Гиппиус (Кулмат Аружан), Жан-Поль Сартр және Симона де Бовуар (Илимахунова Сурия), Николай және Елена Рерих (Идрисова Жамиля), Михаил және Раиса Горбачевы (Бабаев Шамиль), Мстислав Ростропович және Галина Вишневская (Барибаева Гульжан). Пікір-таласқа философия және саясаттану факультетінің әдістемелік бюросының төрайымы доцент Жубаназарова Н.С., жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, профессор Мадалиева З.Б., кафедрасының меңгерушісінің орынбасары доцент м.а. Баймолдина Л.О., сонымен қатар доцент Кудайбергенова С.К., доцент Садыкова Н.М., аға оқытушы Садыкова А.Т. қатысты.
Жалпы біріккен бұл ерлі-зайыпты жұптардың негізгі факторы серіктестерімен достық қатынастың сапасы болып табылады. Қатынас өзінің тұрақтылығын тек серіктестердің өзара түсінісуінде және бірін-бірі тыңдағанда ғана сақтайды. Бақытты неке - бұл әрбір серіктестің өзінің жартысының армандары мен үміттерін қолдауы. Айрықша назарды өмірлік серіктестің әркүініне көңіл аудару. Бұл іс-шараның қатысушылары ұзақ пікір-таластан кейін мынадай қорытындыға келді: «Бақытты неке - бұл тағдырдың сыйы немесе жағдайдың еркі, бұл күнделікті еңбек».
Профессор Ахтаева Н.С.