«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология жəне əлем тілдері факультетінің 1-курс студенттерімен "Мұқағали - мəңгілік өмір" атты еске алу кеші өткізілді. Кештен алған əсерім керемет болды. Студенттердің бар мүмкіндікті пайдалана отырып тапқан ақиық ақын туралы ақпараттары кім-кімге де қызықты болар еді. Бұған дейін біз білмеген ақын өмірінің кейбір жайттарын, құпиясын білдік. Кешке қатысушылардың барлығы кеш соңында ерекше күш иеленгендей, рухтанғандай, көңілі толушылықты бастан өткергендей. Кеште ақын өлеңдері оқылып, күй ойналып, əн айтылды. Осындай кештер жиі болып тұрса бəріне де ұнайды деп ойлаймын.

 

 

Басылым күні :  14.04.2017