"100 кітап жобасы"

28.02.17. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінде,ректорымыз Ғалымқайыр Мұтанұлы  мырзаның бастамасымен бастау алған «100 шығарма 100 кітап» бағдарлама аясында ашық сабақ өткен болатын.Бұл сабактың басты мақсаты – студенттерді кітапка,отандық я болмаса шетелдік әдебиетке баулу,студенттердің рухани байлығын арттыру.

Қазіргі таңда күн өткен сайын кітапқа құмар жандардың саны сиреп барады,дәл бұл жоба осы мәселенің алдын алуға үлкен көмегін,септігін тигізері анық.Сабаққа  жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Борбасова Гульнур Нұрсайынқызы жетекшілік етті.  .Әрине,100 минут ішінде барлық авторларды және олардың шығармаларын түгелдей дерлік қамту мүмкін емес.Дегенмен,осы аз уақыт ішінде білгеніміз аз болды деп айтуға келмейді.Сабағымыз керемет өтті,оған дәлел біздің топтың бұл іс-шараға деген жауапкершілігінен аңғаруға болады.Студенттердің дайындығы өте жоғары деңгейде болды.Бір студент өлең жаттап келсе,екіншісі бір кітапты толығымен оқып келген.Мүмкін,олай бөліп жару дұрыс емес болар,себебі.әр студенттің қолыңа кітап алып,оның авторымен танысуының өзі бүгінгі таңда кол соғарлық дүниеге айналды десем,артық айтқаным емес.Бәлкім,осындай бастамамызды жоғалтпай,керісінше ары қарай қадамдарды көптеп жасасақ нағыз білгірлер біздің арамыздан шығарыңа үміт бар.

«Егер бір адам кітап оқымаса, ол оның өз қасіреті, ал миллиондаған адам кітап оқымаса, онда тұтас бір ұлттың қасіреті»  тамаша сөздер,солай емес пе?! Адамды «адам» ететін дүние ол – ізденіс,ілгері қарай жылжу,өсу екені белгілі.Ал «100 шығарма 100 кітап» жобасы студенттерді,еліміздің болашағы,яғни біздерді мол тәлім алуға,жігерлендіруге деген ұмтылысымызды артырары сөзсіз.Сол себепті осы тәріздес жобалар көбейе берсе,ол интелегентті жастардың көбеюіңе әкеліп соғады,ал егер олай болып жатса,демек еліміздің болашағы жарқын болмақ!Сол болашыққа нық қадам жасау біздің қолда!


Басылым күні :  14.04.2017