Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романына психологиялық талдау
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 2-курс, қазақ бөлімі студенттерімен Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романына психологиялық талдау жүргізілді.
Іс-шара барысында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі-Жүсіпбек Аймауытовтың жалпы өмірбаянына шолулар жүргізілді. «Қартқожа» романының негізгі сюжеті айтылып, студенттерге шығарманың негізгі психологиялық идеясы, ерекшелігі, негізгі тақырыбына байланысты сұрақтар қойылды.
Жүсіпбек Аймауытовтың осы еңбегінде революция тұсындағы қазақ қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан-жақты бейнеленген. Шығармадағы айтылған өсиетті сөздер мен мақал-мәтелдер ортаға шығарылып, студенттермен талқыланды. Сонымен қатар, талқылау барысында шығарманың негізгі кейіпкерлеріне психологиялық сипаттамалар берілді.
Сөйтіп, қорыта келе автордың негізгі жеткізгісі келген ойына байланысты әрбір студент өз пікірімен бөлісті.