«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

14.03.2017 жылы сағат 17.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясын да философия және саясаттану факультеті,   психология бөлімінің 1 курс студенттерімен «Освобождение от  зависимостей- психологический аспект  атты тәрбиелік шара ретінде семинар өткізілді. Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Семинар ««Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді.   Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге жастардағы әр түрлі тәуелділік және одан арылудың психологиялық ерекшеліктері жайлы айта отырып, тәуелділіктің тұлғалық дамуға кері әсері туралы және психикалық  ауытқулардың себептері мен одан арылудың  көптеген психологиялық аспектілерін түсіндірді,  мазмұнды слайдтар мен видеолар көрсетілді.

Студенттер тәуелділік жайлы өз ойларын айта отырып және берілген материалдар бойынша интеллектуалды диалог жүргізілді. Студенттер өз ойларын отаға салды, психологиялық тәрбиелік іс-шара жоғарғы деңгейде және мазмұнды  өтті.

Басылым күні :  12.04.2017