«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

9.03.2017 жылы сағат 15.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында  философия және саясаттану факультеті, психология бөлімінің 2   және 3  курс студенттерімен «Искусство управлять собой»   тақырыбында  семинар-тренинг  өткізілді.

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Семинар-тренинг ««Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді.   Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге практикалық психологиядағы ең  өзекті мәселелердің бірі өзіңді басқару өнері  және оның тұлғалық дамудағы маңызы жайлы айта отырып, өмірге құштарлық, өзіңе қадағалау жасай алу, өз эмоцияңды басқарудың психологиялық технологияларын айтты. Семинар тренинг барысында  көптеген мазмұнды слайдтар мен видеолар көрсетілді.

Семинар соңында арнайы дайындалған эмоцияны басқара алу  мен өзіңе қадағалау жасай алудың психотехнологияларына бағдарланған тренингті бағдарлама  жүргізілді. Студентетр өз ойларын отаға салды, психологиялық тәрбиелік іс-шара өте қызықты және мазмұнды  өтті.

Басылым күні :  28.03.2017