«Айналаңды нұрландыр» «Ұстаз. Тәлімгер. Шебер»

2017 жылдың 14 ақпанында сағат 10:30 ФФиП (122 ауд.) «Психология» мамандығының 3-ші курс студенттерімен «Айналаңдынұрландыр» жобааясындадөнгелекүстел ретінде «Ұстаз. Тәлімгер. Шебер» аттытәрбиелікіс-шара өткізілді. Бірінші баяндамашы профессор м.а. Кабакова М.П. ұстаз, тәлімгер,шебер деген ұғымдарға анықтама берді, әйгілі адамдардың нақыл сөздерін келтірді, және де өзінің ұстаздары мен тәлімгерлері туралы айтты, сонымен қатар мектептік, студенттік, кәсіптік және отбасылық өмірі жайлы естеліктерімен бөлісті. Келесі баяндамашылар Карманова Мадина мен Сагынгалиева Мейрамгуль болды. Карманова Мадина өзінің балабақшада болған кезіндегі өзінің белсенділігін әрқашан қолдаған тәрбиешісі туралы айтып берді, сол қолдаудың арқасында Мадина өзін белсенді адам деп есептейді. Мейрамгуль мектеп кезіндегі ұстаздары жайлы және сол ұстаздары оның ғылыми жетістіктер мен ақиқатқа жетуіне көмектесіп қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді ат салысқаны жайлы өз естеліктерімен бөлісті.Осы іс-шараға қатысушылардың көбі өз Ұстаздары туралы жылы сөздер мен алғыстар айтқаны жайлы атап кету керек.

Қорыта айтқанда, дөнгелек үстел жылы және сенімгерлік ахуалда өтті.

Ұйымдастырушы: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессорының м.а. Кабакова М.П.

 
 

Басылым күні :  16.02.2017