ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ: БАСТАУДАН ҚАЗІРГІ ТАҢҒА ДЕЙІН

Мемлекет: Казақстан, Алматы

Өткізілетін уақыты: 2017 жылдың 27-28 сәуірі

Өткізілетін жері: Алматы қ., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ФжСФ корпусы (Масанчи к. 39 Бөгенбай батыр к-нің қиылысы)

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ФжСФ жалпы және қолданбалы психология кафедрасы

Қатысу түрі: іштей және сырттай (жарияланым)

Конференцияның мақсаты – қазіргі таңдағы психологияның теориялық, әдіснамалық және ғылыми-тәжірибелік мәселелерін шешу жолдарын талқылау және іздеу, тәжірибе алмасу, кәсіби контактілерді кеңейту, ғылыми-тәжірибелік жобаларды дайындау, психологтар мен аралас кәсіп мамандарының кәсіби және тұлғалық дамуына көмек көрсету.

Конференцияның жұмыс формалары: пленарлық және секциялық отырыстар, дөңгелек үстелдер

Секциялар:

  1. Жалпы, әлеуметтік және этникалық психологияның қазіргі таңдағы сұрақтары.
  2.  Клиникалық психологиядағы, кеңес берудегі, кәсіби іс-әрекет психологиясындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер. 
  3. Оқыту және тәрбиелеу психологиясы.
  4.  Психологиялық ғылым мен тәжірибедегі инновациялық идеялар мен жобалар (жас ғалымдар, студенттер, магистранттар және докторанттарға арналған секция). Берілген секция аясында С.М. Жақыпов атындағы ғылыми студенттік жұмыстардың Республикалық конкурсының қорытындысы жасалады.

Дөңгелек үстелдер:

1. Діни сәйкестілік және конфессионалдық қауіпсіздік: әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің жаңа парадигмалары

2.  Оқу және кәсіби іс-әрекетте эмоциялық интеллектінің дамуы

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Қатысуға арналған өтініштер, электронды нұсқадағы баяндамалардың мәтіндері 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін psychol.kaznu.2017@gmail.com электронды поштасына қабылданады.

Конференцияның қорытындысы бойынша материалдардың жинағы шығады. Қатысуға арналған өтініш нысаны және жарияланымға қойылатын талаптарды ақпараттық хаттың қосымшасынан қараңыз. Форма бойынша өтініші жоқ мақалалар қабылданбайды.

Байланыс телефондары: +7 777 206 85 37, 8 (727) 2925717 (ішкі нөмір 2131) Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна

Ұйымдастырушылық жарна және мақаланы жариялау – 4000 теңге.

Шет елдік қатысушылар үшін жарияланым тегін. Басқа қаладан және шет елден келген қатысушылардың жол жүру және тұру ақысы өз шотынан өтеледі

Басылым күні :  12.02.2017