"100 кітап жобасы" «Менің психологиялық сүйікті кітабым»
31.01.2017 жылы сағат 17.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясын да философия және саясаттану факультеті, 1 курс психология бөлімінің студенттерімен «Менің психологиялық сүйікті кітабым» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушылар жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева және доцент А.Т. Камзанова.
Тәрбие сағаты «100 кітап» жобасы аясында өткізілді. Профессор Бердібаева С.Қ. студенттермен бірлескен диалог құра отырып, психологиялық қызықты, сүйікті кітаптары жайлы өз ойларын ортаға салды. Шара барысында студенттердің көпшілгі практикалық психология, адамның өзінің психологиялық портретін жасауға көмектесетін әдебиеттерді және киноларды көп көретіндерін баяндады.
Доцент Камзанова А.Т. Америкалық студенттердің психологиялық әдебиеттерді оқудағы ерекшеліктері туралы өзінің Аиерикаға барған іс-сапары аясында студенттерге айтып көптеген ойлар салды. Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге көптеген қызықты психологиялық кітаптар туралы айтып олардың тізімін берді. Тәрбиелік іс шара өте қызықты және кәсіби деңгейде, жоғарғы танымдық белсенділікпен өтті.