Айналаңды нұрландыр» жоба аясында «Əйелді ер адам қамтамасыз етуге міндетті ме?»

2017 жылдың 31 қантарында сағат 13:50 ФФиП(124 ауд.) «Айналаңды нұрландыр» жоба аясында дискуссия ретінде «Əйелді ер адам қамтамасыз етуге міндетті ме?»атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға «Психология» мамандығының 3 курс студенттері мен сырттай оқу бөлімінің 1 курс студенті қатысты. Қатысушылар пікір таласқа белсенді түрде ат салысып берілген мәселе жөнінде өз ойларын айтты. Халықтын отбасылық қарым-қатынас жөнінде психологиялық білімін көтеруге нұсқаулар берілді, әсірісе жастарға ағартушылық және білім арқылы.АХАЖ және Неке сарайларында жас жұбайларға арналған «Жас отбасы мектебі» атты 2-апталық тегін курстар өткізуге ұсыныс жасалды. Мектептер мен жоғару оқу орындарында отбасылық психологиялық қарым-қатынас пәнін енгізу керек.Сонымен қатар интернет ресурстарын мүмкіндігінше кеңінен пайдалану қажет: вебинарлар, конференциялар,форумдар өткізу. Ұсынылған шешімдерді сәтті іске асыру үшін мамандарды,отбасылық психология саласында, белсенді түрде таңдау және дайындау қажет. Қорыта келгенде, жұмыс істейтін әйелдер мен балаларды бағу мәселесін шешуде басқа мемлекеттердің оң тәжірибесін қабылдау туралы, сонымен қатар ажырасқан және отбасылық күйзелісті басынан кешіп отырған отбасыларға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету туралы ой айтылды.

 

 

Ұйымдастырушы: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессорының м.а. М.П. Кабакова

Басылым күні :  03.02.2017