«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

2016 жылдың 9 желтоқсан күні «Психология» мамандығының 1 курс қазақ тобы студенттерімен  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Айналыңды нұрландыр» жобасы аясында «Сәттілік феноменінің психологиялық сиқыры» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбиелік іс-шара халықаралық қатынастар факультетінің 108 аудиториясында сағат 12.00- өткізілді. Тәрбие сағатын ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы С.Қ. Бердібаева және жауапты болғандар кафедраның оқытушылары  доцент м.а. Н.М. Садықова және аға оқытушы А.К. Файзуллина.

Тәрбие сағатында профессор С.Қ. Бердібаева сәттілік феноменінің психологиялық табиғатын  жан жақты қызықты ой пікірлермен таныстырды. Сәттілік адамның өмір сүру барысында жағымды  нәтижелерге бағытталған өзін жүзеге асыру,  көздеген мақсаттарға қол жеткізу. Сәттілік феноменінің магиясы,  индексі, формуласы жайлы көптеген қызықты психологиялық талдаулар берді. Тәрбие сағаты барысында студенттерге сәттілік   феноменінің психологиялық сиқырын көрсететін слайдтар және видео фильмдер мен мультфилмдер көрсетілді. Тәрбие сағатының максаты сонда  Қазақстанның жаңа ойлы сәтті жастарын психологиялық дайындаудағы  маңыздылығын түсіну.

 

Басылым күні :  22.12.2016