Ғылыми мақала жазу әдістемесі

9 желтоқсан 2016 ж. Философия және саясаттану факультеті жалпы және қолданбалы психология каферасы жанындағы психологиялық технология мен инновация орталығының мамандары ҚазҰУ БАИ бірлесе отырып Алматы қаласының оқу орындарының психолог, педагогтарына қазақ және орыс тілдерінде «Ғылыми мақала жазу әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинарға әрбір қатысушылар жариялаған мақалаларына өз бетінше аннотация жазуға тырысып, өздерінің болашақта жазатын мақалаларының идеяларымен жұмыс жасауға және өз ойларын жеткізуге байланысты семинар-тренинг түрінде өтті. Практикалық жұмыстар үшін «Мектептегі психология» және "ҚазҰУ-дың хабаршысы. Психология және социология сериясы" журналдардың әртүрлі сандары қолданылды. Семинарға қатысушылар өздерінің іс-әрекеттерінің нәтижелері мен тәжірибелері туралы жазуға дайын екендіктерін айтып ризашылықтарымен қайтты.

 

Ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі, профессор Мадалиева З.Б., профессор м.а. Кабакова М.П.

 
 
 

Басылым күні :  22.12.2016