Ұлт денсаулығы - елдің табыс кепілі!

2016 жылдың 17 желтоқсанында жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Саламатты дене мәдениеті» жобасы аясында Адамның биоплазмасын сауықтыру орталығының ғылыми-практикалық ісі жөніндегі директоры, альтернативті медицина докторы Татьяна Александровна Маульдің қатысуымен «Ұлт денсаулығы - елдің табыс кепілітақырыбында семинар-тренинг өткізеді. Бағдарлама барысында әрбір қатысушының биоплазмасына КГР-дің көмегімен диагностикалау және оны түзету жұмыстары жүргізілді. Биоэнерготерапевт өзін-өзі реттеу әдістерін көрсетті, және әрбір қатысушы сол әдістерді қайталап, есте сақтауға тырысты. сондай-ақ, семинарда биофизика мен психологияның тоғысуында туындайтын зерттеулерге түрлі тақырыптар талқыланды. 

Семинар жұмысына ФжСФ, Биофак, Томск мемлекеттік университетінің тарих факультеті студенттері, олардың ата-аналары, мектеп оқушылары, және де жалпы және қолданбалы психология кафедра доцентінің м.а. Құнанбаева М.Н. қатысты. Семинарға қатысушылардың пікірі бойынша семинар өте ақпаратты және пайдалы болды.

Ұйымдастырушы-модератор: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессорының м.а. Кабакова М.П.

 
 
 

Басылым күні :  22.12.2016