"100 кітап жобасы"

2016 жылдың 4 желтоқсанында сағ 10:00 де «Психология» мамандығының 1-3 курс студенттерімен «100 кітап» жобасы аясында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытшылары Баймолдина Л.О.,  Мадалиева З.Б., Кудайбергенова С.К. «Психолог жұмысындағы әпсана, аңыз және миф» тақырыбында ҚПҰА психологиялық орталығында тәрбиелік іс-шара өткізді. Өткізу орны: «Байзақ» бизнес орталығы, 608 офис.

Әпсана, аңыз және мифтердің библиотерапияға қатынасы бар  - сөзбен емдеудің бір формасы ретінде әдебиеттерді қолданатын психотерапияның бір әдісі. Ерте кезден адамдар жазбаның әсеріне ұшыраған. Адамдардың патологиялық жағдайын емдеу үшін кітаптарды қолдану психикалық және физикалық сәтсіздіктерді жеңу үшін адамдарға көмектесу мақсатында Ортағасырларда қоғамдық, медициналық және түзету мекемелерінде қолдана бастаған. Терапиялық оқу практикасы заңды болып, емдеудің екі категориясы (физикалық және рухани) ұсынылған. 18 ғасырдың аяғында Еропаның барлық психиатриялық ауруханаларында кітапханалар құрылып емдей бастады. Жеке мәселелерін шешу мақсатында кітаптарды қолдану қазіргі кезде де өзекті. Студенттерге библиотерапияның мүмкіндіктері туралы айтып, одан кейін коррекциялық жіне психопрофилактикалық жұмыстағы емдік мәтіндерді табуға тырысты. Мадалиева З.Б. арнайы таңдалған әдебиеттерді психикалық жағдайларды оптимизациялау және нормализациялау мақсатында психологтың қолдана алуын көрсетті. Іс-шара студенттердің қызығушылығын тудырды. 15 адам қатысты.

 

Басылым күні :  16.12.2016