«100 Кітап» жобасы аясындағы тәрбиелік іс-шара

«100 Кітап» жобасы аясында жалпы және қолданбалы психология кафедрасы 2016 жылдың 2 желтоқсанында ФжСФ факультетінің 412 аудиториясында Қазақстан және Орта Азия бойынша бірегей логотерапевт Ю. Сагадиеваның қатысуымен В. Франклдың «В поисках смысла жизни» атты кітабын талқылау бойынша іс-шара өткізілді. Сагдиева Ю. В. Франклдың өмірі, оның басына түскен тағдыры, концлагердегі жағдайы туралы айтып, фильм көрсетті. Студенттер кітаптың ұнаған фрагменттері туралы айтып, логотерапиядан (негізін салған В. Франкл) бірнеше жаттығулар жасады. Студенттерге іс-шара өте ұнап, логотерапевтті университетті тағы шақырды.

 

Басылым күні :  16.12.2016