«Айналаңды нұрландыр» жобасы шеңберінде Президент күніне арналған «Лидердің психологиялық портреті» атты тәрбиелік іс-шара

2016 жылдың 1 желтоқсанында №9 жатақханада сағат 18.30 да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара өткізілді. Жауаптылар: Мадалиева З.Б., Кудайбергенова С.К., Баймолдина Л.О.

25 жыл бұрын 1991 жылы 1 желтоқсанда болған бүкілхалықтық таңдауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті ретінде таңдалды. Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік, құқықтық, зайырлы және демократиялық мемлекет ретінде егеменді Қазақстанның дамуына және гүлденуіне ерен үлес қосқан қазақстандық мемлекеттің қалыптасуының басында тұрған көрнекті тұлға болып табылады. 25 жыл ішінде Президент Н. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренада жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, - деп атап өтті өзінің кіріспе сөзінде Мадалиева З.Б. Студенттер ҚР Президенті Нұсұлтан Назарбаев тұлғасымен және оның биографиясымен жақынырақ танысты. Н.Ә. Назарбаев тралы фильмнен фрагмент көрсетілді. Одан кейін Лидердің психологиялық портретін құру бойынша топтармен жұмыс жүргізілді. Әрбір топ қалған топтарды өздерінің құрған Лидердің психологиялық портретімен таныстырды. Іс-шара студенттердің көңілінен шығып, үлкен қызығушылық туғызды.

 

Басылым күні :  16.12.2016