Сәттілікке жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстау
2016 жылдың 10 желтоқсан күні Философия және саясаттану факультетінің № 9 жатақханасында кешкі 20.00- 21.00 уақыт аралығында магистранттар мен студенттерге арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Айналыңды нұрландыр» жобасы аясында «Сәттілікке жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстау» атты арнайы тәрбиелік іс-шара өткізілді. Тәрбиелік іс-шараға факультеттің әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану және дінтану мамандықтарының магистранттары мен психология бөлімінің 1 курс және 3 курс студенттері қатысты.
Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы С.Қ. Бердібаева және жауапты болғандар жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, профессор З.Б. Мадалиева, доценттер С.Қ. Құдайбергенова, Л.О. Баймолдина, доцент м.а. Н.М. Садықова және аға оқытушы А.К. Файзуллина, кафедраның магистранты Б. Сейіткерім..
«Сәттілікке жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстау» атты тәрбиелік іс-шара жоғарғы деңгейде өткізілді. Профессор С.Қ. Бердібаева сәттілікке жетудің мотивациясы мен сәтсіздік феноменнің психологиялық табиғатын, адам үшін ең маңызды факторлардың бірі екендігі туралы жан жақты талдап түсіндірді. Сәттілік ұғымы туралы, қазіргі жаңа уакыттағы сәтті адам бейнесі, сәтті адам деп кімді санаймыз және сәтсіздіктен алыстаудың психологиялық жолдарын айтты.
Тәрбиелік іс-шара барысында барысында арнайы дайындалған сәттілік феномені жайлы слайдтар мен видео фильмдер көрсетілді.