Тәні саудың жаны сау
"Тәнісаудың жаны сау" жобасы бойынша 14 қараша 2016 жылы, сағат 18.00 де "Ғасырдың өлім тұзақтары” атты іс шара өтілді.
Елбасының “Қазақстан -2030” жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір- өмір сүру үшін беріледі . Тәрбие сағатымыздың мақсаты 1 курс студенттеріне - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Ұйымдастырушылар: проф. Тоқсанбаева Н. К., доц. Жубаназарова Н.С.
Басылым күні : 10.12.2016