"100 кітап жобасы"

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 1-курс студенттерімен "Абайдың қара сөздері" атты ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында Абайдың бірнеше қара сөздері талданылып, сол қара сөздерінің мағынасы, тәрбиелік мәні және негізгі ойы туралы мәліметтер талданды. Әр "қарасөз" видео арқылы көрсетіліп отырылды. Соның ішінде Абайдың “қырық үшінші қара сөзі” туралы айтылып өтті. Ол сөзінде Абай: «Адам ұғылы екі нәрседен: бірі-тән, бірі-жан.»-деп жазып кеткен. Осы қара сөзіндегі псиxологиялық құнды сөздері ортаға шығарылып, студенттермен талқыланды. Абайдың «Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады» дейтін сөзі – асқан құнды пікір де, қорытылған өмір шындығы. Сөйтіп, қорыта келе Абайдың қара сөздерінен не түсінгендері туралы студенттер өз пікірлерімен, ойларымен бөлісті.

 

Ұйымдастырушылар: проф. Тоқсанбаева  Н. К., доц. Жубаназарова Н.С.

Басылым күні :  09.12.2016