«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Филология және әлем тілдері» факультеті, «Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығының «Сыйынар ем, ұстаз деген тәңірге..» атты мерекелік іс-шарасы Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызының жетекшілігімен жоғары да қызықты деңгейде өтті. Студенттер бұл іс-шараға бар ынтасымен белсене қатысып қана қоймай, өздерінің ұстаздарына деген құрметінің шексіз екендігін көрсете білді. Студенттерді ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білу – шараның басты мақсаты болатын. Сонымен қоса аталмыш шара студенттердің бірлігін нығайтуда, ұйымдасып жұмыс атқаруына септігін тигізді. Жағымды көңіл-күй сыйлау мақсатында ұстаздар туралы бірнеше керемет ән шырқалып, көңіл тебірентер күй де тартылды. Шара соңында студенттер өздерінің ұстаздарына деген жылы лебіздерін күннің шуағы негізінде бейнелеп, жақсы нотада іс-шараны тәмамдады.