Тұлғаның шығармашылық жолы

2016 жылдың 10 қазанында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Батырхан Шукеновтың шығармашылығына арналған «Тұлғаның шығармашылық жолы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара Есентай моллдың (2 қабат) фото көрмесінде өтті. Бұл іс-шараға «Психология» мамандығының 2-3 курс студенттері қатысты, олар қазақстандық танымал композитор және әнші Батырхан Шукеновтың шығармашылығын көрсететін жеке заттармен және фотосуреттермен танысты. Фотосуреттер топтамасы әртүрлі болды. Топтамада әншінің шығармашылық жолы көрсетілген: «Батырхан А-студио» тобы құрамындағы жас кезінен өмірінің соңғы күндеріне дейін бұрынғы Одақтың барлығына танымал болды. Фотосуреттер Батырхан Шукеновтың шығармашылық іс-әрекетін сахнадағы әншілігін, бейнеклип түсіру кезін, сапарға шығуын және т.б. бейнелеген. Студенттерге көрмеде берілген фотосуреттер сапасына талдау жасалды. Олар Батырханға тән қарапайымдылық пен табиғилығына таң қалды. Фотосуреттерді қарау көрмеге кіреберістегі электрлі ақ рояльда «ойналған» Б. Шукеновтың әндер әуенімен сүйемелденген. Жалпы алғанда, фото көрмеде атмосфера сабырлы және көрермендерді «Өмір. Шығармашылық» деп аталатын әлемге  енгізеді. Содан кейін біздің сүйікті әншіміздің жоқ екенін мойындау қиын болды. Соңында шығармашыл тұлға үшін оның қызметінің фото- және бейнежазбалары рефлексия, талдау жасау үшін маңызды деген ой түйдік.

 
 

Ұйымдастырушылар: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары - М.П. Кабакова, М.К. Жолдасова. 

Басылым күні :  09.12.2016