Ғылыми тағылымдама

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы еліміздің жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлауда жетекші қызмет атқарып келеді. 8D03107-Психология білім беру бағдарламасының докторанты Сайлинова Қарлығаш Қайырбергенқызы Түркияның Анкара қаласындағы Гази Университетінде 2024 жылдың 20 мамыр -18 маусым аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдаманың мақсаты - докторанттың кәсіби құзіреттілігін үздіксіз жүзеге асыру және шетелдік университеттегі жетекші мамандардың озық тәжірибелерімен танысу, кәсіби білім, білік және дағдыларды игеру, психология ғылымдарының өзекті мәселері бойынша ғылыми тәжірибе жинақтау.

Анкара қаласындағы Гази университеті (Gazi Üniversitesi) 1926 жылы құрылған, Түркияның ең беделді университеттерінің бірі. Университетте 4 ғылыми мектеп және 21 бөлім бар. Қазіргі уақытта Гази университеті 25 факультеттен тұрады, оның құрамына 18 ғылыми орталық кіреді. Гази университетінің Ғылыми кітапханасы мен Анкара қаласының Ұлттық кітапханасында (Millet kütüphane) ғылыми зерттеу ресурстары бойынша жұмыс жүргізілді. Университет ұйымдастырған іс-шараларға белсене қатысып, зерттеу жұмысы барысында докторлық диссертация бойынша көптеген тың мағлұматтар алып, қажетті материалдар жинақтады.

 

Басылым күні :  12.06.2024