Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі

2024 жылдың 27 наурызында Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі” («Тұрақты даму мақсаттары» жобасын тарату мақсатында) тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шара психология ғылымдарының докторы, профессор Бердібаева С.Қ., профессор Кабакова М.П., ​​Phd докторы, аға оқытушы Адилова Э.Т., 2 курс докторанты Лимашева Л.А. және Психология бөлімінің 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен өтті. Тәрбиелік іс-шара барысында Наурыз мейрамына және салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға қатысты викторина өткізілді, ұлттық ойындар ойналды. Қазақ халық әндері шырқалып, өлеңдер оқылды. Магистранттар бір-біріне және жақындарына алғыс білдірді. Ұлттық тағамдар ұсынылып, тәрбиелік іс-шара “Қара жорға” биімен аяқталды.

 

 

 

Басылым күні :  16.04.2024