«Мен болашақта қандай әке боламын?» тақырыбында тәрбиелік іс-шара

 

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессорлары С.Қ. Бердібаева және М.П.Кабакова, психология мамандығының 2-ші курс доктаранттары Сайлинова Қ., Лимашева Л. және 1-ші курс магистранттардың қатысуымен 2024 жылдың 07 наурызында «Мен болашақта қандай әке боламын?» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шара тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырады – ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 3 «Денсаулық және әл-ауқат».



 

1. 1-ші курс психология мамандығының магистрантты Жусупекова Асел, интервью әдісін қолдану арқылы зерттеу жұмысын жүргізген (видео ролик көрсетті). Зерттеу жұмысының жоспарымен таныстырды. Аудиториядағы қатысушылармен пікір алмасу жүрді. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Сондықтан әрбір әке ұрпағына мирас болатын нәрсесі оған берген жақсы тәрбиесі екенін ұмытпауы да тиіс деп ойын қорытындылады.

2. 1-ші курс психология мамандығының магистрантты Жұлдыз, интервью әдісін жүргізу барысында салыстырмалы анализ жасаған. 3-ші курс психология мамандығының студенттермен «Бала мен әкесінің арасындағы жылы қарым-қатынас өте құнды» тақырыбында талдау жұмыстары жүрді.

3. 1-ші курс психология мамандығының магистрантты Баян ( жақсы әке мен жаман әке образы жайлы) жас буын ер азаматтардың пікірін видеоролик арқылы көрсетті. Әке бейнесін құрастыру арқылы, өз кеңестерін ұсынды. Интервью әдісін пайдаланған.

4. 3-ші курс психология мамандығының студенттері Ерланқызы Аида және Бахытжан Еңілік өздерінің дайындаған зерттеу жұмыстарын баяндады.

5. 2-ші курс психология мамандығының докторанттары Қ.Сайлинова мен Л.Лимашева өздерінің зерттеу жұмыстарында интервью әдісін қалай пайдаланып жатқандары жайлы және нәтижелерімен бөлісті.

6. Интервью әдісінің кезеңдерін және қарым-қатынастың қолайлы атмосферасын қамтамасыз етудің құралы болып табылатынын психол.ғ.д., профессор С.Қ. Бердібаева және психол.ғ.к., профессор М.П.Кабакова іс-шараны қорытындылады.

 

Басылым күні :  17.03.2024