«Құқық пен мүмкіндіктерді арттыру үшін өзін-өзі қорғау» тренинг

2023 жылдың 2 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы аясында «Құқық пен мүмкіндіктерді арттыру үшін өзін-өзі қорғау» тренингі өтті.

Іс-шара ТДМ 5 «Гендерлік теңдік» және ТДМ 10 «Теңсіздікті төмендету», «Денсаулық және әл-ауқат» ТДМ шеңберінде философия және саясаттану факультеті, ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасы Just Suppot және ESD қоры көмегімен бірлесе отырып жүзеге асырылды.

 

 

«Құқық пен мүмкіндіктерді арттыру үшін өзін-өзі қорғау» әдістемесі (ESD - EMPOWERMENT SELF DEFENSE) – бұл тарихты, психологияны, заңдылықтар мен зорлық-зомбылықтың негізгі себептерін түсінуге негізделген жүйе; және ішкі жеке күш туралы хабардарлық пен сенімді арттыру жайлы.

ESD Global – бүкіл әлем бойынша өзінің әдістемесін дамытатын және қауымдастық мүшелері мен көшбасшыларды гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және әрекет ету бойынша оқытатын жетекші оқыту ұйымы.

Тренинг мақсаттары:

  • әрқайсымыздың қолымызда бар және қиындықтарды жеңуге көмектесетін мүмкіндіктер мен құралдардың кең ауқымын көрсету;
  • тренингке қатысушылардың зорлық-зомбылықты анықтау және алдын алу жолдары туралы хабардарлығын арттыру;
  • қауіпті жағдайларға, соның ішінде шекараны бұзу, қудалау, шабуылдар және кез келген зорлық-зомбылық түрлеріне дереу әрекет ету тәжірибесін үйрету.

Тренинг барысында студенттер мен магистранттарға: Жеке қауіпсіздік дегеніміз не? Жеке шекараңызды қалай қорғауға болады? «Жоқ!» деп қалай айту керек? ауызша және физикалық зорлық-зомбылық; Қажетсіз агрессия жағдайында сөздік әдістер мен физикалық әдістерді қолдану арқылы өзіңізді қалай қорғауға болады (физикалық әдістерді қолдану); Зорлық-зомбылық және агрессордың жеке басы туралы мифтерді жоққа шығару; ESD 5 қағидасымен таныстыру; Қауіпті тануды және «қызыл жалауларға» жауап беруді қалай үйренуге болады; Қақтығыстарды деэскалациялау әдістерін қалай қолдану керек; Зорлық-зомбылық құрбандарын қалай тыңдауға және психологиялық қолдау көрсетуге болатыны жайлы айтылды.

Тренингке «Психология», «Клиникалық психология», «Тұлға және ұйымдық психология» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары, кафедра меңгерушісінің орынбасары З.М. Садуақасова, доцент Э.Қ. Қалымбетова.

Тренингті EDS өкілдері Анастасия Лях, Ляйля Исламова, Мөлдір Албан; Just Suppot қорынан Әлия Жұмағалиеваға үлес қосты.

Студенттер тәжірибе жүзінде өзін-өзі қорғаудың принциптері мен әдістерін, зорлық-зомбылық жағдайында адамға қалай қолдау көрсету және көмектесу керектігін үйренді.

@esdkz_ca қауымына рахметімізді айтамыз.

 

Басылым күні :  07.12.2023