Факультет студенттері арасында үстел теннисінен турнир

Белсенді өмір салты психикалық денсаулыққа және девиантты мінез-құлықты алдын алуға көптеген артықшылықтар береді. Физикалық белсенділік мидың денсаулығы мен когнитивті функцияларды жақсартады, сонымен қатар жастар арасында депрессия, мазасыздық, психобелсенді заттарды қолдану қаупін азайтады. Сондықтан "Денсаулық үшін серіктестер" ҮЕҰ мен ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің бірлескен жобасы аясында 2023 жылғы 8-10 қарашада № 9 Студенттің Үйінде тұратын студенттер арасында үстел теннисінен турнир өткізілді. Турнир алдағы болатын Студенттер күніне арналған. Жеңімпаздар жақсы көңіл-күйден басқа бағалы сыйлықтар мен грамоталарға ие болды.

Студенттік активке және демеушілерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз!

Ұйымдастырушылар: Өмірбекова А. О., Мадалиева З. Б., Құдайбергенова С. К., Аязбаева Б. Б.

 

Басылым күні :  13.11.2023