Факультет деканының Қазіргі ғылымдар университетінің (Нидерланд) шақырылған профессоры, PhD доктор А.И. Гарбермен кездесуі

2023 жылдың 31 қазанында Философия және саясаттану факультетінің деканы философ.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.Б. Мейірбаев Қазіргі ғылымдар университетінің (Нидерланд) шақырылған профессоры, PhD доктор А.И. Гарбер кездесуі өтті.

Профессор А.И. Гарбер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шақыруымен докторанттар мен магистранттарға «Заманауи адамның денсаулығын сақтау психологиясындағы жүйелік көзқарас: стресстен туындаған бұзылулар және стрессті басқару» тақырыбында дәріс оқу үшін келді. Адам денсаулығын сақтау және күйзеліске қарсы тұруды үйрену тақырыбы бүкіл адамзат үшін өзекті және «Денсаулық және әл-ауқат» ТДМ 3 сәйкес келеді.

Кездесуге жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі А.К. Мынбаева мен профессор С.Қ. Бердібаева қатысты.

Профессор А.И. Гарбер мен жалпы және қолданбалы психология кафедрасының көп жылдық ғылыми және білім беру байланыстары бар. Шетелдік ғалым кафедраның 3 докторантының ғылыми кеңесшісі, оның жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де екі PhD докторы қорғалды. Жемісті ғылыми және білім беру ынтымақтастығы арқасында докторанттар мен магистранттар үшін ғылыми тағылымдамалар бұрын Лейпциг университетінде (Германия) ұйымдастырылды, онда Алена Ильинична Гарбер мен профессор Решке көп жылдар бойы дәріс берді.

Тараптар университеттер арасындағы одан әрі ынтымақтастықты талқылады.

 

Басылым күні :  03.11.2023