Алмасбек Мәуленовтың академик Т.Тәжібаев пен Ж.Төрікпенұлына арналған «Ұстаз бен шәкірт» кітабының тұсаукесері

 

 

Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының кітапханасында «Ұстаз бен шәкірт» кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл аталған шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына және ҚазҰУ ардагері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ж.Төрікпенұлының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында аталып отыр.

Кітаптың тұсаукесер салатанатын философия және саясаттану факультетінің деканы философия ғылымдарының кандидаты, доцент Бекжан Берікбайұлы Мейірбаев құттықтау сөзімен ашып, жүргізіп отырды.

 

 

Академик Төлеген Тәжібаев пен профессор Жолмұхан Түрікпенұлы туралы бейнероликті кешке қатысушы философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары, ҚазҰУ филология факультетінің студенттері, Қайнар академиясының студенттері қызыға тамашалады.

Абай ғылыми-зерттеу инстиутының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, жазушы Нағышыбек Қапалбекұлы, С.Өтениязов, қарт журналист М.Жақып өздерінің жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, кітаптың лентасын қиды.

 

 

Ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Түрікпен-ұлы Жолмұхан ата кешке қатысушыларға батасын беріп, кітаптың авторы ф.ғ.д., Әл-Фараби атындағы Қазақ университетінің профессоры, Жамбыл атындағы қазақ фольклоры мен әдебиетін ғылым-зерттеу Орталығының директоры Мәуленов Алмасбек Анықбекұлына кітапты шығаруда орасан жұмыстар атқарылғанын айтып, алғысын білдірді.

Іс-шара 4 «Сапалы білім» тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырды.



 

Кештің соңында студенттер қауымы кітап авторы мен профессор Түрікпен-ұлы Жолмұхан атадан қолтаңба жаздырып алып, естелікке суретке түсті.

 

 

https://www.instagram.com/reel/CzFkXHOCsm0Ke0udZiNJ7S1S5XB2qaw6-TUouA0/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

https://www.instagram.com/reel/CzFkXHOCsm0Ke0udZiNJ7S1S5XB2qaw6-TUouA0/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02NNzqSHkTjxruUyhMRtGZTK5TM8twad9JTPHSQpXsatnWcau1frvchcwh34gzfLE3l&id=100001126257431&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f

https://www.facebook.com/100003363124600/posts/pfbid02t49cSLNarAhUAjzu56vJkvD7QyXAEQLjJmVcVqwb8u2scZimgp28LQR28qMJh64Ql/?d=w&mibextid=qC1gEa

Басылым күні :  03.11.2023