Эмоциялық жай-күйлер көрінісінің ерекшеліктері

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының қызметкерлерімен бірлесіп «Эмоциялық жай-күйлер көрінісінің ерекшеліктері» атты СПОК (SPOC) әзірледі.

 

Курс «ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жағымсыз эмоционалдық жай-күйін тану алгоритмдерін әзірлеу» № 09259875 Грант ҒжЖБМ жобасын іске асыру шеңберінде әзірленді, жетекші З.Б. Мадалиева.

 

Әзірлеуші авторлар:

  • Мадалиева Забира Бекешовна – психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры;
  • Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна – психология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы;
  • Садвакасова Зухра Маратовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессорының міндетін атқарушы;
  • Садыкова Назира Маргушовна – психология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы;
  • Адилова Эльнур Темиркановна – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доцентінің міндетін атқарушы;
  • Қайратова Іңкәр Қайратқызы – психология магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы;
  • Алкамбаев Куатбек Жекебекович – психология магистрі, подполковник,мС.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасы психологиялық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
  • Адиев Асхат Серикович – психология магистрі, подполковник, С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының тәрбие және идеологиялық жұмыс кафедрасының оқытушысы.

 

Курс әскери психологтар мен тәрбиешілерге, Қарулы Күштер Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тәрбие жұмысы бас басқармасының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бас басқармасының қызметкерлеріне арналған.

 

Курстың мақсаты: кәсіби қызмет жағдайында түсіну, диагностика, тану, түзету және эмоциялық жағдайды басқару саласында курс тыңдаушыларының психологиялық құзыреттілігін қалыптастыру.

 

Курс материалдарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://disk.yandex.com/d/X_Ynk0qX3NdF9Q

Басылым күні :  25.10.2023