«Мінез акцентуациялары және коммуникация» 1 курс кураторларына арналған оқыту семинары

25 қыркүйекте Философия және саясаттану факультетінде «Мінез акцентуациялары және коммуникация» 1 курс кураторларына арналған оқыту семинары өтті. Мұндай семинарлардың негізгі мақсаты – куратор-мұғалімдерге көмектесу, студенттермен жұмыс істеуде қолдана алатын психологиялық білімдер мен құралдармен қамтамасыз ету. Жасыратыны жоқ, кешегі мектеп оқушылары үшін университетке бейімделу оңай емес. Көптеген балалар үшін университетте оқу тәуелсіз өмірдің алғашқы тәжірибесі болып табылады. Дәл осы кезеңде бірінші курс студенттеріне психологиялық қолдау мен көмек қажет.

Семинар-тренинг «Денсаулық серіктестері» ҮЕҰ қолдауымен ФжСФ жүзеге асырып жатқан психоактивті заттарды қолданудың алдын алу және студенттерге психологиялық қолдау көрсету жобасы аясында өтті. 2023-2024 жылдар аралығында жоба аясында университетіміздің студенттері мен оқытушылары үшін көптеген қызықты және пайдалы іс-шаралар жоспарланған.

Жүргізуші және ұйымдастырушылар: Өмірбекова А.О. , Мадалиева З.Б., Құдайбергенова С.Қ., Аязбаева Б.Б.

 

 

 

Басылым күні :  30.09.2023