«Қаһарман» әскери ғылыми байқауы

2023 жылғы 25 мамырда Алматы қаласында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы № 1, тәуелсіз Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 99 жыл толуына арналған еке алу рәсімі өтті.

Осы күні институттың мәдени-демалыс орталығында жоғары әскери және республикалық оқу орындарының курсанттары мен студенттері арасында Сағадат Нұрмағамбетовке арналған «Қаһарман» ӘСКЕРИ-ҒЫЛЫМИ БАЙҚАУЫ өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты: әскери ғылымды дамыту және әлеуметтендіру мүмкіндіктерін арттыру; жас ғалымдардың әскери-ғылыми зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Әскери-ғылыми байқауға әскери оқу орындарының курсанттары да, сонымен бірге Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары да қатысты. Ғылыми байқауға Республиканың түкпір-түкпірінен 15 зерттеу жұмысы қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, «Психология» мамандығының 4 курс студенті ЯФАРОВ РАСУЛ байқаудың барлық кезеңдерінен сәтті өтті және ІІІ орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі – профессор м.а. Садвакасова Зухра Маратовна.

 

 

Басылым күні :  03.06.2023