Батыр арулар

07.11.2022 күні Халықаралық қатынастар факультетінің оқу корпусының 120 аудиториясында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында – жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры А.М. Ким және «Психология» мамандығының 1-курс докторанттары тәрбиелік іс-шара өткізді. Тәуелсіздік күні еліміздегі басты мемлекеттік мереке болып табылады, Бұл күн – Қазақстанның қандай жолдан өткенін, қандай қиындықтарды еңсергенін және қандай шыңдарға жеткенін еске алу мүмкіндігі. Ең бастысы – елдің болашағы әрқашан да біздің әрқайсымызға байланысты екенін білу, өйткені біз – оның халқы. Талдау мен талқылау үшін «Батыр арулар» деректі фильмі ұсынылды. Фильмді көру барысында бүгін ҚР Қарулы Күштерінің қатарында ерлермен бірге әйелдер де қызмет атқаратыны анықталды. Қызметте олар жақсы дене дайындығы мен ерік-жігерінің керемет күшін көрсете отырып, бұйрықтарды орындайды. Бірақ жұмыстан тыс, бұл әскери әйелдер нәзік жандыларға, сүйікті аналарға, керемет әйелдерге және үлгілі қыздарға айналады. «Батыр арулар» республикалық байқауының жеңімпаздары. Олардың әрқайсысының айрықшалығы халықтың ертеңіне деген таңданысы мен сенімін тудырады!!!

 

Басылым күні :  04.05.2023