Адам өміріндегі қарым-қатынастың маңызы

Бүгін, сәуірдің 17-ші жұлдызында «Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма» мамандығының студенттері психология пәнінде Гүлнұр Нұрсаиынқызының нұсқаулығымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Адам өміріндегі қарым-қатынастың маңызы» тақырыбында ашық сабақ жүргізді.

Мақсаты: топтағы эмоционалдық байланысты күшейту, топ бірлігін арттыру.

Ашық сабақта студенттер психология туралы түрлі ақпараттар мен бөлісіп, адам өміріндегі қарым-қатынастың маңызыдылығы жайлы пікірталас жасады, сабақ одан әрі тренинг – ойындары мен жалғасты. Студенттердің қарым-қатынасын арттыру мақсатында әртүрлі топтық ойындар өткізілді. Топтық ойындар барысында психология ғылымына байланысты терминдер мен ұғымдар қарастырылып, сөзжұмбақтар шешілді. Ойындар арқылы студенттердің арасында топтық байланыс орнап, жеңіске жету үшін бірге әрекет еттілді. Ойындардың бірі студенттердің ым-ишара әрікеттері арқылы, сөзжұмбақ түсіндіру қолданылды. Нәтижесінде олардың көңілді қарым қатынастың барысында сөздің қолдануынсыз түсіндіру қабілеті де қолданылды. Келесі бір ойын студенттердің сыни тұрғыдан тез ойлаудың қабілетіне негізделген. Осыған ұқсас топтық жарыстық ойындар арқылы студенттер арасында достық байланыс орнатылды, топ ішіндегі балалар өз ойын ашық білдіру жағдайы қалыптасты.

 

 

Басылым күні :  27.04.2023