Мейрімділік - ізгіліктің жолы

17 сәуір күні «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы Борбасова Гүльнур Нұрсайынқызының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Мейрімділік - ізгіліктің жолы» атты ашық сабақ өткізіліп, іс-шараға филология факультеті,шетел филологиясы кафедрасының1 курс студенттері қатысты.

Іс-шара барысында студенттер қазіргі замандағы мерімділік пен тұлғааралық қатынас мәселесін талқылады.. Абай Құнанбаевтің «Қара сөздері» жайлы барлық ақпаратты, бірнеше қара сөздерін мәнерлеп айтып, олардың мағынасын түсіндірді. Сонымен қатар, «мейірімділік», «қамқорлық» жайлы мәліметтер беріп, әр студент өз пікірлерімен бөлісіп, сол тақырып аясында презентация қорғалды, оны толығымен аша алды. Соңында тақырыпқа байланысты психологиялық ойын жаттығулары өткізіліп, студенттер эмоцияларын ашық көрсетті. Домбырамен ән шырқалып,кешіміз көңілді аяқталды.

 

 

Басылым күні :  27.04.2023