Кең болсаң, кем болмайсың

2023 жылдың сәуір айында “Жалпы және қолданбалы психология” кафедрасының аға оқытушысы Борбасова Гүлнұр және Абай атындағы ғылыми зерттеу институтының аға оқытушысы Даутова Бибігүлдің ұйымдастыруымен  “Кең болсаң, кем болмайсың” атты қайырымдылық тақырыбында ашық сабақ өтті. Қатысушылар: «Қазақ филологиясы» мамандығының топтары. Шара барысында Мұқағали ағамыздың «Бақыт деген не...» өлеңі мәнерлеп оқылып, сұрақ-жауаптар талқыланды. Ұстаздар мен студенттер жақсы тілектерін айтып, ой-толғауларымен бөлісті.

 

 

 

Басылым күні :  27.04.2023