Студенттерге арналған 15 республикалық олимпиаданың ашылуы

2023 жылдың 19-21 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында психологиядан XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Олимпиадаға Қазақстанның 18 жоғары оқу орнынан 54 жас талантты студент қатысты:

 

  1. Maqsut Narikbayev University  (КазГЮУ);
  2. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай университеті;
  3. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті;
  4. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды унивреситеті;
  5. Астана Халықаралық университеті;
  6. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық унивреситеті;
  7. К. Жубанов атындағы Ақтобе өңірлік унивреситеті;
  8. Кайнар Академиясы;
  9. Каспий коғамдық университеті;
  10. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
  11. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унивреситеті;
  12. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
  13. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік унивреситеті;
  14. Орталық Қазақстан Академиясы (Қарағанды);
  15. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті;
  16. Туран университеті;
  17. Туран-Астана  унивеситеті;
  18. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті.

 

Олардың ішінде 5 ЖОО олимпиадаға алғаш рет қатысты.


  1. Maqsut Narikbayev University  (КазГЮУ);
  2. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті;
  3. Астана Халықаралық унивреситеті;
  4. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
  5. Каспий коғамдық университеті.

 

Олардың барлығы өз университеттерінде іріктеуден өтті. Командалармен бірге 20 тренер және сүйемелдеуші адамдар келді.

Олимпиаданың ашылуына философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейірбаев, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары А.Б. Альчимбаева, философия және саясаттану факультетінің ҒЗЖ жетекшісі С.Амитов, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі А.К. Мынбаева, жалпы және қолданбалы психология кафедрасынан ҒЗЖ жетекшісі С.К. Кудайбергенова, қазылар алқасының мүшелері Н.С. Ахтаева, Ж.С. Сейітнұр , ғылым жөніндегі жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі орынбасары З.М. Садвакасова қатысты.

Ашылу салтанаты әл-Фараби ғылыми кітапханасында, Абай залында өтті (308 ауд.).

2023 жылдың 20 сәуірінде олимпиадаға қатысатын студенттер 4 базалық міндетті пән бойынша тестілеуден өтіп, психодиагностикадан кейс талдап, пікірталастардан өтті.

Студенттердің жұмыстарын қазылар алқасының құрамына кірген Қазақстанның жетекші ғалымдары: доктор PhD Алия Толегенова (Нұр-Мүбарак Халықаралық университеті), психолог-ғалым, психология ғылымдарының докторы Надия Сеилханқызы Ахтаева, психология тарихшысы, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Жарас Сейітнұрұлы Сейітнұр, PhD доктор Лаура Оразбекқызы Баймолдина, психолог-практик Жұлдызай Алиева (Республикалық психикалық денсаулық орталығы) бағалады.

 

 

Басылым күні :  27.04.2023