Адам өміріндегі қарым-қатынастың маңызы

Сәуірдің 17-ші жұлдызында «Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма» мамандығының студенттері психология пәнінен «Адам өміріндегі қарым-қатынастың маңызы» тақырыбында Гүлнұр Нұрсаиынқызының нұсқаулығымен ашық сабақ жүргізді. Ашық сабақта студенттер психология туралы түрлі ақпараттар жинап, қосымша ойындар өткізуімен қатар, адам өміріндегі қарым-қатынастың маңызыдылығы жайлы пікірталас өткізіп, одан әрі тренниг-ойындарымен жалғасты. Студенттердің қарым-қатынасын арттыру мақсатында әртүрлі топтық ойындар өткізілді. Сонымен қатар, топтық ойындар барысында психология ғылымына байланысты терминдер мен ұғымдар қарастырылып өтілді. Ойындар арқылы студенттердің арасында топтық байланыс орнап, жеңіске жету үшін бірге әрекет етті.

 

 

 

Басылым күні :  20.04.2023