Өзіңді бағалау – өмірді бағалау

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы педагогика ғылымдарының кандидаты Тленчиева Н.С. және психология мамандығының 1-курс магистранттары Есенғұлова Аружан мен Оспаганбетова Мульдердің ұйымдастыруымен "Өзіңді бағалау – өмірді бағалау" атты тренинг өтті. Тренингтің мақсаты топ мүшелерінің тұлғалық өсуі мен өзін-өзі бағалау туралы ақпарат алу. Тренинг топ мүшелерінің өзін қаншалықты қабылдайтындығы, әр адамның өзіндік ерекшеліктері мен мықты жақтарын анықтауға, сонымен қатар осы қасиеттерін одан әрі қалай дамытуға болатындығы туралы ойлануға мүмкіндік берді. Сабақ барысында студенттер өзіне деген көзқарас – өмірге деген көзқарасты қалыптастыратындығы туралы көп мағлұмат алды. Студенттердің тұлғалық дамуына үлес қосу білім беру ордасының да, білім берушілердің де негізгі міндеті екенін естен шығармайық. Жастардың дамуы – елдің көркеюі!

 

 

Басылым күні :  20.04.2023