Топтық коммуникация – бірліктің көзі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Топтық коммуникация – бірліктің көзі» тақырыбындағы апталық аясында, психология мамандығының 1-курс студенттерінің қатысуымен тренингтік сабақ өтілді. Тренинг барысында топ ішіндегі коммуникацияны нығайту, тиімді командалық өзара әрекеттесуді құру бойынша техника-жаттығулар жүргізілді.

Ұйымдастырушылар: педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Тленчиева Н.С. «Психология» мамандығының 1-курс магистранттары: Даулетова Аружан, Иманкенова Венера.

 

 

 


Басылым күні :  19.04.2023