«Кәсіпкерлік мемлекеттік білім гранттарын өңдеу құралы ретінде қарастыру» тақырыбындағы кураторлық сағат

2023 жылдың 10 сәуірінде педагогикалық практика аясында «Кәсіпкерлік мемлекеттік білім гранттарын өңдеу құралы ретінде қарастыру» тақырыбындағы кураторлық сағат танымдық іс-шара өткізілді. 

Кураторлық сағат 1 курс магистранттары Мурзагилдина Д.И. мен Черненко Д.Р., жалпы психология және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Кабакова М.П. жетекшілігімен орындалды.

Кураторлық сағатқа қатысушылар арасында «Психология» мамандығының 2 курс студенттері мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Педагогика және психология» мамандығының магистранты Гришаев В.С. болды.

Магистрант Черненко Д.Р. «мемлекеттік білім гранты» түсінігін ашты. Сонымен қоса, 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қазақстан Республикасының бекітілген Жарлығы негізiнде Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орнын бітіргендер және басқа мамандықтар бойынша білім алған азаматтарды жұмысқа жіберу, өз бетінше жұмыспен қамту құқығы, оқу акысын өтеу міндетінен босату немесе оқу міндетін тоқтату қағидаларына сәйкес, кейін турлi меншік нысандарында, ұйымдарда кемінде үш жыл өтеуi туралы айтып өттi.

Гранттардың ақысын өтеудiң қолжетімді жолдарының бірі – кәсіпкерлік. Жеке кәсiпкерлiк (ЖК) Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың жеке тұлға ретiнде өз меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалар атынан, олардың мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын, таза табыс алуға бағытталған дербес, бастамашыл қызметi.

Жеке кәсiпкерлiктi тіркеуге болатын қадамдар: 

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер қызметінің аумақтық департаментіне (салық органына) жүгіну арқылы;
  2. Egov.kz порталы арқылы 
  3.  elisence.kz порталы арқылы; 
  4. Немесе Halyk Bank және Kaspi.kz қосымшалары арқылы 

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін ең қарапайым және ең қолайлы салық режимі оңайлатылған декларацияға негізделген («жеңілдетілген» декларация) болып саналады. Режим, бухгалтерлік есеп процедураларын барынша азайтуды, есептерді жүргiзу мен есеп берудiң қарапайымдылығын көздейді, бұл меншік иесіне бухгалтердің көмегінсіз, әсіресе жеке кәсіпкер жалдамалы жұмысшылар пайдаланбауға мүмкіндік береді.

Бір уақытта келесі критерийлерге сәйкес келетін жеке кәсіпкерлер «жеңілдетуді» қолдана алады:

 

Кураторлық сағатта ЖК орындаудың қарапайымдылығын көрнекі түрде көрсету мақсатында магистрант Мурзагилдинаның Д.И. қолдауымен білім беру іс-шарасына қатысушылар 910.00 нысаны бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның жобасын толтырды.

Бұл есепте ЖК 6 айлық қызметте алынған кірістерді, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға салықтар мен аударымдар туралы мәліметтерді көрсету қарастырылған.

Студенттерге коммерциялық қызметті бастау туралы шешім қабылдауға қажетті қаржылық және салықтық сауаттылықтың негізгі қағидалары түсіндірілді. Сондай-ақ студенттер міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының мөлшерлемесі мен мөлшерлері туралы сұрақтар қойды.

Уақыттың шектеулілігіне қарамастан кураторлық сағат қызықты әрі мазмұнды өтті.

 

 

 

 

Басылым күні :  16.04.2023