«Тұлғалық өсу, қарым-қатынас және іскерлік қасиеттерді дамыту» тренингі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұлғалық өсу, қарым-қатынас және  іскерлік қасиеттерді дамыту» тақырыбындағы апталық аясында, психология мамандығының 2-курс студенттерінің қатысуымен тренингтік сабақ өтілді. Тренинг барысында топ ішіндегі коммуникацияны нығайту, тиімді командалық өзара әрекеттесуді құру бойынша техника-жаттығулар жүргізілді.

Ұйымдастырушылар: педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Тленчиева Н.С. «Психология» мамандығының  1-курс магистранттары: Ақаш Жанар, Таңат Айнұр.

 

 

 

 

Басылым күні :  11.04.2023