Жатақхана – мен екінші үйім

31 қаңтар 2023 жылы «Психология» мамандығының 2-курс студенттері және кафедраның аға оқытушысы, оқу тобының кураторы педагогика ғылымдарының кандидаты, Тленчиева Н.С. оқу орнының № 9 жатақханасында дөңгелек үстел өтті.

Студенттің қызық пен шыжыққа толы өмірінің бөлігі осы жатақханада өтетіндіктен, көп адамдар студенттік шақты еске алғанда, жатақхананы да қоса еске түсіреді.

Сол туралы жас ақын Бауыржан Әлқожаның студенттердің жатақханасы туралы төмендегідей өлең шумақтарын еске түсіруге болады:

Шырайыңда алаулап гүлдегі арай,

Оқу залын ду қылдық бірге талай

Күн жарықта мүлгитін жатақхана,

Оянатын сілкіне түнге қарай.

Расында да көпшілігі ауылдан келіп, жоғарғы оқу орнына таңдаған мамандығы бойынша түсіп, білім алып, жоғары дәрежелі маман болып, Отанымның өркендеуіне, мені жастайынан тәрбиелеген ата-анама қолқабыс тигізссем деген жас жеткіншектер үшін жатақхана шынында да екінші баспана болатыны бесенеден белгілі. Сондықтан жатақханаға өз үйіміздей ұқыптылықпен қарау керектігі айтылды.

 

 

Басылым күні :  09.04.2023