ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2023 жылдың 20-21 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.
Жұмыс тілдері - қазақ, орыс
Өткізу форматы - дәстүрлі (офлайн).
Олимпиадаға қатысуға «6В03107-Психология» БББ бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері, бірінші (ЖОО ішіндегі) кезеңнің жеңімпаздары шақырылады. Командада студент саны 3-тен көп болмауы тиіс (жетекшісін қоспағанда). 2020 - 2022 жылдар аралығындағы Республикалық олимпиада жеңімпаздары қатысуға рұқсат етілмейді.
Олимпиадаға басқа қаладан келген қатысушылардың жол жүруі, тамақтануы, тұруы – қатысушылардың өз есебінен.
Олимпиадаға қатысу үшін 2023 жылдың 14 сәуірге дейін Олимпиаданы ұйымдастырушылар комитетіне электронды құралмен келесі құжаттарды жіберу қажет:
- Қатысуға өтініш;
- Ректор (проректор) қолы қойылған хат;
- Олимпиданың І кезеңі қорытындысы туралы комиссия хаттамасы.
Республикалық студенттік олимпиадаға қатысуға өтінім
|
Топ мүшелерінің толық аты |
1. 2. 3.
|
|
Мамандықтың коды, курсы, оқыту тілі |
|
|
Байланыс. Телефондар / Қатысушының электронды поштасы |
1. 2. 3. |
|
Топ жетекшісінің аты-жөні |
|
|
Мекеменің атауы және мекен-жайы (толық) |
|
|
Университет басшысының қолы, мөрі. |
|
«Психология» БББ бойынша олимпиаданың техникалық хатшысы: Құдайбергенова Сандуғаш Қансаровна
Ж. тел.: 8 (727) 377-33-33 (қосымша.1753), тел:+77052068537 (WhatsApp),
email: psychology.kaznu.2021@gmail.com
Олимпиада ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қ., Масанчи көшесі 39/47, философия және саясаттану факультеті
ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ ТӨМЕНДЕ ҰСЫНЫЛҒАН






