Мектеп бітірушілерге арналған "Ашық есік" күні

24.02.2023 ж. университетімізде философия және саясаттану факультетінде биылғы мектеп бітірушілерге арналған "Ашық есік" күні өтті. Іс шараға жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, "Психология" мамандығының 2-ші курс студенттері де белсене қатысты. Кафедра докторанты Ж.М.Молбасынованың жетекшілігімен студеттеріміз "Мамандығым – мақтанышым" атты тақырыптағы қойылымдарымен "психолог" мамандығының кәсіби міндеттерімен, қызмет салаларымен таныстырды. Климов әдістемесімен кәсіби бағдарды анықтауға арналған тестілеу жүргіздік. Мектеп түлектері факультетіміздің философия, әлеуметтік жұмыс, саясатану, дінтану, исламтану, әлеуметтану, педагогика және психология мамандықтары жайлы да көптеген кеңестер алды. Кешіміз қазағымыздың айнасына айналған дана анамыз Зейнеп апайдың берген сұхбатымен өз мәресіне жетті. Жастарымыздың болашағы жарқын, жолдары айқын болғай.

 

 

 

Басылым күні :  27.02.2023