Игі дәстүр – Тәжібаев оқулары

2023 жылғы 23 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасында жыл сайынғы Тәжібаев оқулары - «Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым: жүйелілік, сабақтастық, инновациялылық» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Ұйымдастырушылар – жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті.

Конференцияда университет ардагері, профессор Ж.Түркпен-Ұлы, профессор А.Мәуленов, Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының директоры Б.Д.Сыдыхов, педагогика кафедрасының меңгерушісі М.Д.Шағырбаева (Есенов атындағы Каспий университеті, Ақтау қаласы), философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейірбаев құттықтау сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.

Пленарлық отырыста ММАУ профессоры Т.И. Шульга (Мәскеу, Ресей), профессор Ф.С. Ташимова, Қазақ психологиялық қоғамының президенті, профессор М.А. Перленбетов, Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Г.Ж. Меңлібеков (Астана, Қазақстан), Тұран университетінің профессоры О.С. Сангилбаев, Өзбекстан Ұлттық университеті, психология кафедрасының меңгерушісі, профессор Д.Г. Мұхамедова (Ташкент, Өзбекстан), кафедра меңгерушісі, профессор А.К. Мынбаева, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, доцент Ж.Сейтнур баяндама жасады.

Оқуларды өткізу игі дәстүрге айналды – 22 рет өткізіліп отыр, оның бастамашысы 2000 жылдары профессор Қ.Б. Жарықбаев болды.

Баяндамашылар академик Т.Тәжібаевтың Қазақстанның дамуына, психология және педагогика ғылымының қалыптасуына қосқан зор үлесін атап өтті.

Конференцияға жас буын – студенттер, магистранттар, ҚазҰУ докторанттары, Әскери институттың курсанттары қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

Сборник Т. Т.Тажибаев end.pdf

Басылым күні :  25.02.2023