Мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру бағытында кездесу

18.02.2023ж. "Жас әл- Фараби" мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Ж.М.Молбасынова конференцияға қатысушылармен кәсіби бағдар беру бағытында кездесу өткізді. Қатысушылар "Психология" мамандығының үш сатылы білім беру жүйесімен (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура) танысты. Кафедраның мамандар даярлаудағы және ғылыми жетістіктеріне тоқтала келіп, бүгінгі таңдағы "психолог" маманының жұмыс бағыттары жөнінде мәлімет берді. Кездесу оқушылардың мамандық таңдаудағы көкейкесті мәселелерді талқылау сұрақтарымен және "Абитуриент 2023" буклетін таратумен аяқталды.

 

 

 

 

Басылым күні :  19.02.2023