Жас ғалымдар мен студенттердің «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық конференциясы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті 2023 жылдың 06-08 сәуір өтетін жас ғалымдар мен студенттердің «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасының және жақын, алыс шет ел студенттерін, магистранттарын, докторанттарын және жас ғалымдарын шақырамыз.

Қатысушылардың баяндамасы 2023 жылдың 06-07 сәуір айында секциялық жұмыстарда тыңдалады.

 

Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:

  1. студенттерді    оқу-танымдық    қызмет    пен    ғылыми    зерттеу    жұмыстарына ынталандыру;
  2. студенттер мен жас ғалымдарды замануи ғылыми мәселелерді шешуге тарту;
  3. дарынды, талантты студенттерге қолдау көрсету және шығармашылық қабілеттерін ашу;
  4. жас ғалымдардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға қолдау көрсету.

 

2023 жылдың 06-07 сәуір аралығында конференция аясында өткізіледі:

  1. Ашық есік күндері.
  2. Дөңгелек үстелдер.
  3. Шеберлік-сыныптар
  4. Ғылыми пікір-таластар.
  5. Көрнекті ғалымдармен кездесу.

 

Конференция жұмысының нәтижесінде электоронды форматта ғылыми баяндамалардың жинағы жарық көреді. Конференцияға қатысу және мақаланы жариялау - тегін!

Секция жұмыстары – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

 

Конференцияға баяндамашы немесе тыңдаушы ретінде қатысуға болады. Баяндамашының жинаққа мақаласын жариялауға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, іс- шараға тікелей қатыспай, мақала дайындап шығаруға мүмкіндіктері болады.

Өтініштер мен мақалаларды 2023 жылдың 15-шы наурыз айына дейін электронды түрде конференцияның секция бойынша жауапты тұлғалары қабылдайды.

 

Конференция барысында келесі бағыттар бойынша түрлі салалардағы замауни өзекті мәселелер қарастыру жоспарлануда:

 

Мамандық Шифры

Өткізу уақыты:

Өткізу орны:

Жауапты тұлғаны аты-

жөні

Байланыс

1

«Жалпы             және қолдаңбалы психология» кафедрасы Секция:

«Жас ғалымдар мен студенттердің зерттеулеріндегі психологиялық ғылым: теория және практика»

06-07

сәуір 2023ж.

Алматы қ., Масанчи к. 39/47,

ФжСФ әл- Фараби ат. ҚазҰУ

Кудайбергенова Сандугаш

Кансаровна

Ж..тел: 8 (727) 377-33-33 (вн.1753)

Моб.т.: +7 7772068537

 

e-mail: psychology.kaznu.2021@gmail. com

 

Конференцияға қатысу үшін қажет:

 

1. Қатысушының тіркелу үлгісі:

Толық аты-жөні тегі:                                                                                                                        

Оқу немесе жұмыс орны:                                                                                  

Қызметі (студенттерге – мамандық, курсы):                                                

Байланыс телефондары:                                                                                  

Электронды пошта адресі:                                                                                

Конференция секциясы:                                                                                                                  

Қатысу формасы:                                                                                                 

Студенттер үшін – аты-жөні, тегі, ғылыми жетекшісінің ғылыми атағы, дәрежесі

 

2. Макаланы жинақ материалдарына жариялау үшін секциялар бойынша жауапты тұлғалардың электронды адрестеріне жіберу керек.

3. Мақала    антиплагиат   көрсеткішінің    анықтамасынсыз    (есебі)    қабылданбайды, (мақаланың түпнұсқалық көрсеткішінің төменгі деңгейі 75%)

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ:

 

Мақаланың   көлемі 5-6    бет, А4   тескт   форматында, мәтіні Microsoft    Word редакторында, Times New Roman, 12 кегль шрифтімен, бір жол аралық интервал. Бет өлшемдері: азат жолдан -11 мл, жоғары, төмен, оң, сол жақ көрсеткіштері – 20мл. Мәтінді бос орындар мен қойындылармен (табуляция) туралауға жол берілмейді. Мәтін тілі: казақ, орыс, ағылшын.

 

Мақала тақырбын рәсімдеу дизайны: баяндама тақырыбы; автордың аты-жөні, тегі, парақтың ортасында үтірмен бөлініп, қарамен бастыру керек, ортасында курсивпен университет атауы, түйіндеме, кілтті сөздер, әрі қарай бір бос жол арқылы негізгі мәтін.

 

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

 

ҚАЗАҚСТАНДА ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 

Мамандық, курс Иванов И.И.

Ғылыми жетекші: әлеум.ғ.д., профессор Петров М.Ф.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

 

Аңдатпа:

Кілт сөздер:

 

Мәтін, мәтін, мәтін, 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Васильевна Е.Н. Социология культуры: теория и практика // Журнал социологии. – 2016. – №4. – С. 37-49.

 

 

 

Суреттер мен кестелер Times New Roman, 12 кегль шрифтімен, бір жол аралықта терілуі керек. Суреттер, диаграммалар мен кестелер ақ пен қара гамма көмегімен жасалады. Түрлі түстер мен бояуларға тыйым салынады. Барлық суреттер мен кестелерде тақырып болуы керек. Сканерленген суреттер мен сызбаларға жол берілмейді. Әдебиеттер тізімі оқырмандарға қол жетімді ақпарат көздерінен тұруы керек және ГОСТ Р 7.0.5-2008 сәйкес рәсімделуі керек. Әдебиеттер тізімі Times New Roman, 12 нүктелік өлшемде, бір жол аралықта терілуі керек. Мәтіндегі әдебиеттерге сілтемелер жақшаға алынған түрде беріледі. [1, б.16]. Жазылымдық сілтемелерге жол берілмейді.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, қателіктері көп мақалалар жинаққа кірмейді. Фактілердің, дәйексөздердің, аттардың, атаулардың және басқа ақпараттың дұрыстығына баяндама авторлары жауап береді.

Мақала және баяндама плагиат көрсеткіштеріне тексеріледі және сараптамалық комиссиядан өтеді. Ұйымдастыру комитеті тақырып пен рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін материалдарды авторға ескертпей қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

 

Ұйымдастыру комитетіне түскен материалдар конференция жинағында электронды форматта жарияланады.

 

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қ., Масанчи көшесі 39/47, ФФП Тел.: +7 (727) 377-33-33 (ішкі 3109) - факультеттің СҒЗ жетекшісі Амитов Султанкожа Абдукадырович

Басылым күні :  15.02.2023