«Халықаралық Қысқы Психологиялық Мектеп - 2023» жұмысы бойынша есеп

Жыл өте өнімді басталды!!!

 

2023 жылдың 4-6 қаңтары аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Психологиялық технологиялар мен инновациялар» ғылыми-білім беру орталығы «Халықаралық қысқы психологиялық мектеп - 2023» өткізу үшін өз есігін ашты.

Қысқы мектеп жұмысы аясында online және offline форматтарда «Психологиялық шеберханалар: Интегративті қолданбалы психологияның негіздері мен технологиялары» ұйымдастырылды.

 

«Халықаралық Қысқы Психологиялық Мектеп - 2023» негізгі мақсаты адамның субъективті әл-ауқаты мен әлеммен үйлесімділік жетістіктерін ынталандыратын психологиялық технологияларды практикалық игеру болды.

 

Табысты іске асырылған міндеттер:

  • Әлемдік қолданбалы психологияның жетістіктерімен танысу;
  • Тіршілік әрекетінің түрлі салаларында қолданбалы психологияның қазіргі заманғы технологияларын меңгеру;
  • Адамның әлемдегі өзіндік тиімділігіне байланысты психологиялық ғылым мен практиканың қолданбалы аспектілерін талдау және интеграциялау;
  • Ынтымақтастықтың корпоративтiк мәдениетi мен психологиясын қалыптастыру.

 

Негізгі жұмыс нысандары: практикалаушы халықаралық және отандық психологтардың шеберлік сыныптары; тренингтер, түсіндіру стратегиялары, талдау және түзету.

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға үлкен алғыс!!!!

 

Халықаралық Қысқы Психологиялық Мектеп-2023 – бұл жаңа технологияларды игерудегі руханият, Диалог және ынтымақтастық аумағы!!!

 

 

 

 

Басылым күні :  17.01.2023